«Астана» өз алаңында жеңіске жете алмады

Фото: ФК «Астана»
Астаналық клуб УЕФА Конференциялар лигасындағы алғашқы ойынын өз алаңында өткізіп, молдовадық «Зимбрумен» тең түсті — 1:1, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.
Қонақтар есепті бірінші таймның соңында ашты — гол авторы «Зимбрудың» жартылай қорғаушысы Гай Дахан. «Астана» екінші таймда таразы басын теңестірді: 55-минутта босниялық Иван Башич мергендік танытты.
Қарымта кездесу келесі аптада Кишинёвте өтеді. Ойын елорда уақытымен сағат 22:00-де басталады. Бұл — екі команда үшін де жаңа маусымдағы алғашқы еурокубоктік матч.
Қос ойын қорытындысы бойынша жеңіске жеткен команда келесі кезеңде «Вардар» немесе «Лозаннамен» кездеседі. Жеңілген ұжым турнирмен қоштасады.