Асхат Тағыберген құрамадағы жолын аяқтады: Соңғы әрі нақты шешім

Асхат Тагыберген

Фото: КФФ

Қазақстан құрамасының капитаны Асхат Тағыберген ұлттық командадағы мансабын аяқтағанын нақты айтты. Ол бұл шешімді бұрын да жария еткенін және бұдан әрі өзгертпейтінін мәлімдеді.

«Бұл – менің нақты әрі тұрақты шешімім. Бұған дейін де айтқанмын, тағы да қайталаймын: құрамадағы жолымды аяқтадым. Алдағы уақытта ел намысын қорғайтын жас футболшыларға тек сәттілік тілеймін», – деді Тағыберген.

Ол жанкүйерлерге, бапкерлерге және барлық әріптестеріне алғысын білдіріп, ұлттық құрама сапында өнер көрсеткен әр сәттің бағалы екенін айтты.

«Жүрекпен ойнаңдар, ештеңеден қорықпаңдар. Ешнәрсе бекер болмайды», – деп қосты капитан.

Айта кетейік, 9 маусымда Қазақстан құрамасы өз алаңында Солтүстік Македонияға 0:1 есебімен есе жіберді. Қонақтардың жалғыз голын 33-минутта Александр Трайковски соқты. Бұл – Али Алиев шәкірттерінің іріктеу кезеңіндегі екінші жеңілісі.

Автор туралы

Айбар Рысдалует

Спортивный журналист и обозреватель. Специализируется на казахстанском футболе и олимпийских видах спорта. Побывал на Олимпийских играх в Токио и играх БРИКС.
Барлық авторлық жазбаларды көру