Артём Резников кіммен жекпе-жек өткізгісі келеді?

Артем Резников

Артем Резников. Фото: nur.kz

ACA лигасында жұдырықтасатын жеңіл салмақтағы қазақстандық файтер Артём Резников алдағы соңғы жекпе-жегіне қатысты ойымен бөлісті. «ММА Вестнигіне» берген сұхбатында ол кіммен және қай уақытта жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты.

— Иә, ACA-мен келісімшартымдағы соңғы айқас қалды. Маусым айын сұрадым. 26 маусымда Сочиде турнир өтеді дейді. Қарсылас ретінде ойыма бір ғана есім келеді — Дауд Шайхаев. Өйткені ол рейтингте менен жоғары және мықты қарсыластармен кездескен. Бірақ әзірге нақты келіссөз болған жоқ. ACA-дан хабар күтіп жүрмін, — деді Артём.

Айта кетейік, Резников ақпан айында өткен соңғы жекпе-жегінде ресейлік Юсуф Раисовқа техникалық нокаутпен жеңілген болатын.

Енді ол мансаптық жаңа кезеңге қадам баспас бұрын, келісімшарттағы соңғы жекпе-жегін жоғары деңгейдегі қарсыласпен өткізуді қалайды.

Автор туралы

Айбар Рысдалует

Спортивный журналист и обозреватель. Специализируется на казахстанском футболе и олимпийских видах спорта. Побывал на Олимпийских играх в Токио и играх БРИКС.
Барлық авторлық жазбаларды көру