АПЛ футболшысы Дастан Сатпаевты әлемдегі ең талантты жас ойыншы деп атады

Дастан Сатпаев

Фото: КФФ

Ағылшын Премьер-лигасында доп тебетін ганалық шабуылшы Антуан Семеньо жуырда берген сұхбатында «Челсидің» жас ойыншысы Дастан Сатпаевты ерекше атап өтті, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Журналист «Қазір әлемдегі ең талантты жас футболшы кім?» деп сұрағанда, Семеньо бастапқыда нақты есім айта алмай кідіріп қалды. Кейін сәл ойланып: «Жақында «Челсиге» ауысқан бір жігіт бар еді… Сатпаев? Иә, иә, дәл өзі», – деп жауап берді.

2024 жылдың ақпан айында «Челси» 16 жастағы Сатпаевты «Қайраттан» 4 миллион еуроға сатып алған. Бұл – Қазақстан чемпионатындағы рекордтық трансфер. Ресми түрде ол 2026 жылдың тамызында, 18 жасқа толған соң Англияға қосылады.

Өткен маусымда Дастан Қазақстан Премьер-лигасында 15 матч өткізіп, 8 гол соқты, 4 нәтижелі пас берді. Сондай-ақ, ел құрамасында 3 ойынға қатысты.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Янв - 22:20 Футбол
«Қайрат» Чемпиондар лигасында «Брюггеге» ірі есеппен жол берді
20 Янв - 15:19 Футбол
«Реал» Винисиустың қысқы трансферде кетпейтінін мәлімдеді
20 Янв - 08:25 Футбол
Қазақстан құрамасы FIFA Series 2026 турнирінде Намибия, Комор аралдары және Кувейтпен ойнайды
19 Янв - 10:00 Футбол
«Ақтөбе» Миралем Пьяничтің ауысымы бойынша келісімге келді
19 Янв - 08:29 Футбол
Сенегал құрамасы Кубок Африка турнирінің чемпионы атанды
18 Янв - 13:00 Футбол
Нани «Ақтөбе» клубына ауысуға жақын
18 Янв - 09:25 Футбол
Ислам Чесноков дебют жасаған матчта «Хартс» Кубок Шотландиясынан шығып қалды
17 Янв - 20:21 Футбол
Килиан Мбаппе Испания чемпионатында жаңа мергендік рекорд орнатты
17 Янв - 16:00 Футбол
Криштиану Роналду 2025 жылдың ең жоғары табыс тапқан спортшысы атанды
17 Янв - 13:05 Футбол
Александр Меркель алғаш рет Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсетеді