Антропов Азия чемпионатында күміс алды

Артём Антропов. Фото: kazsports.kz
Ауыр атлет Артём Антропов Қытайдың Цзяншань қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды. Ол 102 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп, тек жергілікті спортшы, Париж Олимпиадасының чемпионы Лю Хуаньхуаға ғана жол берді.
Антропов қос сайыстың қорытындысы бойынша 386 келіні (165+221) еңсерді. Жұлқа көтеруде қола, серпе көтеруде күміс жүлдеге ие болды.
Алтын жүлде иесі Лю Хуаньхуа 410 келі (180+230) көтерсе, үшінші орынды түркменстандық Давранбек Хасанбаев (182+195) иеленді – нәтижесі 377 келі.