Англияда Дастан Сатпаевтың болашағына баға берді

Дастан Сатпаев. Фото: Қайрат ФК
«Челсиге» арналған TheChelseaChronicle.com порталы алматылық «Қайрат» шабуылшысы Дастан Сатпаев жайлы ой бөлісті. Жас ойыншы келесі жылы лондондық клубқа толыққанды түрде қосылады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.
Қазіргі таңда 17 жастағы Сатпаев «Қайрат» сапында арендамен ойнап жүр. Ол биылғы маусымда «Челсиге» қарсы шықпайды, алайда топтық кезеңнің соңғы матчтарының бірінде Англия жерінде алғаш рет алаңға шығып, «Арсеналға» қарсы ойнауы тиіс.
Басылымның жазуынша, Сатпаев жастығына қарамастан, қазірдің өзінде «Қайраттың» негізгі ойыншыларының бірі және Қазақстан құрамасының тұрақты мүшесі. Ол чемпионатта көп гол соғып, клубты Чемпиондар лигасына алып шыққан футболшы ретінде бағалануда. Сондай-ақ, Бельгияға қарсы кездесуде оның ойыны жақсы әсер қалдырғанын, Жереми Доку мақтау айтқанын атап өткен.
«Челси» Сатпаевты үлкен үміт артатын талант деп санайды. Бірақ Лондонға келген соң бірден клубта қала ма, әлде арендаға жіберіле ме – ол жағы әзірге белгісіз.