Анчелотти Бразилия құрамасының тізгінін ұстайды

Карло Анчелотти

Карло Анчелотти. Фото: Getty Images

Бразилия футбол конфедерациясы Карло Анчелоттидің ұлттық құраманың бас бапкері болатынын ресми түрде растады. Мадридтің «Реалын» жаттықтырып жүрген 65 жастағы итальян маманы 1965 жылдан бері «селесаоны» басқарған алғашқы шетелдік болады. Ол кезде құраманы аргентиналық Фильпо Нуньес жаттықтырған.

Анчелоттидің Бразилия сапындағы алғашқы матчтары маусым айында өтеді. Команда 6 маусымда Эквадормен, ал 11 маусымда Парагваймен әлем чемпионатының іріктеу ойынын өткізеді. Қазір бес дүркін әлем чемпиондары оңтүстік америкалық іріктеу кезеңінде төртінші орында тұр.

Айта кетейік, Анчелотти «Реалмен» қатар, бұған дейін «Милан», «Челси», ПСЖ, «Бавария», «Ювентус», «Эвертон» секілді алпауыт клубтарды баптаған.

Тегтер:
Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Янв - 22:20 Футбол
«Қайрат» Чемпиондар лигасында «Брюггеге» ірі есеппен жол берді
20 Янв - 15:19 Футбол
«Реал» Винисиустың қысқы трансферде кетпейтінін мәлімдеді
20 Янв - 08:25 Футбол
Қазақстан құрамасы FIFA Series 2026 турнирінде Намибия, Комор аралдары және Кувейтпен ойнайды
19 Янв - 10:00 Футбол
«Ақтөбе» Миралем Пьяничтің ауысымы бойынша келісімге келді
19 Янв - 08:29 Футбол
Сенегал құрамасы Кубок Африка турнирінің чемпионы атанды
18 Янв - 13:00 Футбол
Нани «Ақтөбе» клубына ауысуға жақын
18 Янв - 09:25 Футбол
Ислам Чесноков дебют жасаған матчта «Хартс» Кубок Шотландиясынан шығып қалды
17 Янв - 20:21 Футбол
Килиан Мбаппе Испания чемпионатында жаңа мергендік рекорд орнатты
17 Янв - 16:00 Футбол
Криштиану Роналду 2025 жылдың ең жоғары табыс тапқан спортшысы атанды
17 Янв - 13:05 Футбол
Александр Меркель алғаш рет Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсетеді