Алуа Балқыбекова бокстан әлем чемпионатында топ жарды

Алуа Балкибекова

Алуа Балкибекова

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Алуа Балқыбекова Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатында алтын медальға қол жеткізді.

51 келіге дейінгі салмақта Алуа Балқыбекова қарсылас шақ келтірмеді.

Отандасымыз ақтық сында түркиялық Бусе Наз Чакыроглумен кездесті.

Тартысты жекпе-жектің қорытындысы бойынша Алуа Балқыбекова екі дүркін әлем чемпионы атанды. Қорытынды есеп: 5:0.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында үш алтын бар. Бұған дейін Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін) және Махмұд Сабырхан (55 келіге дейін) алтыннан алқа таққан еді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру