Алты қазақстандық боксшы Ливерпульде ширек финалға жолдама алды

Нурбек Оралбай

Фото: Icon Sport via Getty Images

8 қыркүйекте Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының жеті бірдей өкілі шаршы алаңға шықты, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Гүлсая Ержан (80 келіге дейін) Литва боксшысы Ивета Лесинцкитені 3:2 есебімен ұтып, ширек финалға өтті. Торехан Сабырхан (70 келіге дейін) нидерландтық Роберт Бостан басым түсті.

Сағындық Тоғамбай (90 келіге дейін) ирландиялық Джек Марлиді 4:1 есебімен жеңсе, Айда Әбікенова (65 келіге дейін) оңтүстіккореялық Кан Сок Ёнды айқын басымдықпен ұтты. Бейбарыс Жексен үндістандық Сачинге қарсы жекпе-жекте төрешілер шешімімен (4:1) жеңіске жетті. Ал Айбек Оралбай (+90 келі) түркиялық Мусахит Илиасты сенімді түрде жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды.

Жеті боксшының ішінен тек Сабыржан Аққалықов (75 келіге дейін) жарысты ерте аяқтады. Ол украиналық Павло Илюшадан бөлек шешіммен ұтылып қалды.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
08 Фев - 00:35 Бокс
Нұрбек Оралбай жаңа салмақ дәрежесінде халықаралық турнирдің алтын жүлдесін жеңіп алды
07 Фев - 23:55 Бокс
Төрехан Сабырхан Испаниядағы Boxam Elite-2026 турнирінде алтын жүлде иеленді
07 Фев - 23:01 Бокс
Махмуд Сабырхан Boxam Elite-2026 турнирінде Қазақстанға алтын медаль алып келді
07 Фев - 22:55 Бокс
Санжар Ташкенбай Испаниядағы Boxam Elite-2026 турнирінде алтын жүлде жеңіп алды
07 Фев - 08:55 Бокс
Испаниядағы турнирде 11 қазақстандық боксшы финалға жолдама алды
06 Фев - 11:56 Бокс
Виктор Темиров Германияда чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасады
06 Фев - 09:11 Бокс
Айбек Оралбай Boxam Elite турнирінің жартылай финалына шығып, медаль жеңіп алды
06 Фев - 08:27 Бокс
Сағындық Тоғамбай Boxam Elite турнирінің жартылай финалына жолдама алды
04 Фев - 13:34 Бокс
Теренс Кроуфорд мансабын аяқтау себебін түсіндірді: «Бұл спортта қол жеткізбеген мақсатым қалмады»
29 Янв - 13:22 Бокс
Өзбекстанның этникалық қазағы енді Қазақстан намысын қорғайды