Алекс Перейра мансабын аяқтады деген ақпаратты жоққа шығарды

Алекс Перейра

Алекс Перейра. Фото: Zuffa LLC

UFC-дің бұрынғы жартылай ауыр салмақтағы чемпионы Алекс Перейра X желісіндегі парақшасында мансабын аяқтау туралы жазба шыққан соң, аккаунты бұзылғанын мәлімдеді. Әлгі жазбада:

«Мен UFC туралы ешқашан жаман айтпадым, бірақ естігендерім ауыр тиді. Мансабымды аяқтау туралы ой келіп жүр», — деп жазылған еді.

Бірақ көп ұзамай Перейра видеоүндеу жасап, бұл жазбаны өзі жарияламағанын айтты.

«Көп адам хабарласты. Бірақ бұл мен емес, аккаунтымды бұзыпты. Мен баяғыдан ештеңе жариялаған жоқпын. UFC-мен қарым-қатынасым тамаша, жай ғана кей адамдар осындай әрекетке барады. Бұл мәселені шешемін», — деді ол.

Айта кетсек, соңғы жекпе-жекте Алекс Магомед Анкалаевқа есе жіберіп, чемпиондық белбеуден айырылып қалды. БАҚ дерегінше, олардың реваншы 2025 жылдың соңына дейін өтуі мүмкін. Қазір Перейраның кәсіби мансабында 12 жеңіс пен 3 жеңіліс бар.

Тегтер:
Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спортивный журналист и обозреватель. Специализируется на казахстанском футболе и олимпийских видах спорта. Побывал на Олимпийских играх в Токио и играх БРИКС.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
07 Дек - 13:39 ММА
UFC-дегі тарихи қадам: Әліби Ыдырыс алғашқы жекпе-жекте жойқын қарсыласпен кездеседі
06 Дек - 16:47 ММА
Конор Макгрегор UFC-дегі үшінші чемпиондық атаққа қол жеткізуді мақсат етіп отырғанын мәлімдеді
04 Дек - 15:51 ММА
Қаршыға Дәуітбек Rizin турнирінде жылды қорытындылайды
04 Дек - 12:05 ММА
Алмахан Дубайдағы жекпе-жектен кейін рейтингте төмендеді
02 Дек - 09:18 ММА
Қуат Хамитов Зубайра Тухуговпен бокс жекпе-жегін ұйымдастыру жөнінде ұсыныс жасады
30 Ноя - 11:44 ММА
Балғын Жеңісұлы Нұрбек Қабдрахмановтан есе қайтарып, Naiza FC лигасының жаңа чемпионы атанды
26 Ноя - 16:43 ММА
Жұман Жұмабеков NAIZA 78 турнирінде жекпе-жек өткізеді
25 Ноя - 18:58 ММА
Әли Абдель-Азиз Ислам Махачевтің келесі қарсыласын атады
25 Ноя - 17:04 ММА
DAR Team бас бапкері Шавкат Рахмоновтың UFC рейтингіндегі орнын бағалады
25 Ноя - 15:36 ММА
Алматы 2026 жылы UFC турнирін өткізу мүмкіндігін қарастырып жатыр