Айбота Ертайқызы Брнодагы Гран-при кезеңінде қос күміс жүлдегер атанды

Фото: НОК
Чехияның Брно қаласында өтіп жатқан көркем гимнастикадан Гран-при сериясы кезеңінде қазақстандық Айбота Ертайқызы жүлдегерлер қатарынан көрінді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.
Спортшы екі күміс медаль жеңіп алды. Ол булавамен (28,100 ұпай) және лентамен (28,050 ұпай) өнер көрсетуде екінші орынға ие болды.
Сонымен қатар Айбота Ертайқызы көпсайыста бесінші нәтижені көрсетіп, турнирдің үздіктері қатарына енді.