Әліби Ыдырыс: «TUF финалында жанкүйерлерге әсерлі жекпе-жек сыйлағым келеді»

Алиби Идрис

Фото: Zuffa LLC

Қазақстандық жеңіл салмақты ММА шебері Әліби Ыдырыс The Ultimate Fighter жобасына қатысқан сәттері және алдағы финал туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

17 тамыз күні АҚШ-тың Чикаго қаласында ол UFC-мен келісімшарт үшін америкалық Джозеф Моралеске қарсы октагонға шығады. Бұл жекпе-жек UFC 319 турнирінің басты айқасы Хамзат Чимаев пен Дрикус дю Плесси кездесетін кештің бір бөлігі болмақ.

«TUF-тағы жекпе-жектердің нәтижесін құпия сақтау өте қиын болды. Жанкүйерлеріміз өте белсенді, үнемі сұрақ қойып отырды. Бірақ біз барынша құпияны сақтап, енді финалға дайынбыз», — деді Ыдырыс.

Сондай-ақ ол 40 күн бойы TUF үйінде тұрып, жиі айқас өткізудің оңай болмағанын айтты:

«Финал алдында толыққанды дайындық лагерін өткіздім, өзімді жақсы сезініп жүрмін».

Алдағы жекпе-жек жайында спортшы:

«Шынымды айтсам, мен бұл жерге жай ғана жеңіс үшін келген жоқпын. Мен арман үшін келдім. Жанкүйерлерге TUF-тағыдай шоу көрсетіп, финалда есте қаларлық айқас өткізгім келеді», — деп түйіндеді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру