Әліби Ыдырыс TUF финалында кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды

Алиби Идрис

Алиби Идрис. Фото: Naiza

Қазақстандық файтер Әліби Ыдырыс The Ultimate Fighter 33 турнирінің финалында америкалық Джозеф Моралеспен кездеседі, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Жоба аясындағы екінші жартылай финалда Джозеф Моралес мексикалық Иманол Родригестен төрешілер шешімімен басым түсті. Осылайша ол финалда Әлібимен UFC келісімшарты үшін жекпе-жек өткізеді. Финал 16 тамыз күні Чикаго қаласында өтетін UFC 319 турнирінде өтпек.

Айта кетейік, Әліби өзінің жартылай финалында венесуэлалық Ройберт Эчеверрияны нокаутпен жеңіп, көпшілікті тәнті еткен болатын.

Джозеф Моралес бұған дейін де UFC-де өнер көрсеткен: оның бұл ұйымдағы көрсеткіші — бір жеңіс пен екі жеңіліс.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру