Әліби Ыдырыс пен Джозеф Моралес UFC 319 алдында бірдей салмақ көрсетті

Алиби Идрис

Фото: Zuffa LLC

Қазақстандық жеңіл салмақтағы файтер Әліби Ыдырыс (11-0) 17 тамызда Чикагода өтетін UFC 319 турниріне дейінгі ресми салмақ өлшеуден сәтті өтті, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Оның салмағы 57,15 келі болды. Дәл осындай көрсеткішке қарсыласы, америкалық Джозеф Моралес (13-2) те жетті.

Бұл жекпе-жек The Ultimate Fighter шоуының финалы болып, жеңімпазға UFC-мен келісімшарт әкеледі. Финалға дейін Әліби алдымен өзбекстандық Фуркатбек Ёкубовты төрешілер шешімімен жеңді, кейін венесуэлалық Ройберт Эччеверияны нокаутқа жіберді.

UFC 319 турнирінің басты жекпе-жегі орта салмақтағы чемпиондық белбеу үшін өтеді. Онда Оңтүстік Африка өкілі Дрикус дю Плесси (23-2) мен БАӘ атынан сынға түсетін Хамзат Чимаев (14-0) кездеседі.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру