Әлібек Қасым «Ақтөбемен» жаңа келісімге қол қойды

Алибек Касым
«Ақтөбе» қорғаушы Әлібек Қасыммен келісімшартты ұзартты. 26 жастағы футболшы 2027 жылдың соңына дейін команда сапында ойнайды.
Алматылық «Қайраттың» түлегі Қасым «қызыл-ақтарға» 2022 жылы қосылған. Осы уақытқа дейін 85 матчқа қатысып, 18 гол соғып, 4 рет нәтижелі пас берген.