Әділет Садыбеков: «Маусым оңай болған жоқ, бірақ жанкүйерлердің сенімін ақтадық»

68be800ca05dd 1

«Қайрат» клубының жартылай қорғаушысы Әділет Садыбеков Pin-UpSport.kz тілшісіне маусым қорытындысы туралы айтып, соңғы матчтағы эмоциясымен және команда ішіндегі атмосферамен бөлісті. Сондай-ақ ол Академия түлектерінің жетістіктегі рөлі мен жастардың басты артықшылығын атап өтті.

– Маусым өте көп эмоцияға толы болды. Жалпы, футболдың қызығы да осында ғой – жеңіс те, қиын сәттер де қатар жүреді. Біз үшін бұл маусым оңай болған жоқ. Бірақ ең бастысы – өз мақсатыңызға жеттіңіздер. Соңғы матчқа қандай мотивациямен шықтыңыздар?

Расында да бұл маусым біз үшін ерекше өтті. Соңғы турға дейін чемпиондық тағдыры шешілмей келді. Сол себепті соңғы ойынға үлкен жауапкершілікпен дайындалдық. Біз не үшін ойнап жүргенімізді жақсы білдік. Өз алаңымызда, өз жанкүйерлеріміздің алдында жеңіспен маусымды аяқтау – біздің басты мақсатымыз болды. Көптеген жанкүйерлер трибунада да, теледидар алдында да бізге сеніп отырды. Сол сенімді ақтау керек болды.

– Бұл жыл «Қайрат» үшін табысты болды. Команда чемпион атанып, Чемпиондар лигасында да өнер көрсетті. Осы жетістікке Академия түлектерінің үлесі қаншалықты болды деп ойлайсыз? 

– Бұл маусымда Академиядан шыққан көптеген жас ойыншылар негізгі құрамда дебют жасады. Солардың бәрі өз мүмкіндіктерін жақсы пайдаланды және командаға нақты көмек көрсетті. Академияда тәрбиеленген балалардың еңбегі мен дайындығы осындай сәттерде байқалады. Сондықтан бұл жетістік – тек команда мен бапкерлердің ғана емес, сондай-ақ «Қайрат» Академиясының жүйелі жұмысының жемісі деп ойлаймын.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спортивный журналист и обозреватель. Специализируется на казахстанском футболе и олимпийских видах спорта. Побывал на Олимпийских играх в Токио и играх БРИКС.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
26 Окт - 22:25 Футбол
«Реал» «Барселонаны» жеңіп, Ла Лигадағы көшбасшылығын нығайтты
26 Окт - 20:41 Футбол
Әділет Садыбеков: «Маусым оңай болған жоқ, бірақ жанкүйерлердің сенімін ақтадық»
26 Окт - 16:31 Футбол
«Қайрат» — 2025 жылғы Қазақстан чемпионы
22 Окт - 14:19 Футбол
Лионель Месси МЛС тарихында жаңа рекорд орнатты
22 Окт - 09:20 Футбол
Рафаэль Уразбахтин: «Мұндай ойындар тәжірибе жинауға мүмкіндік береді»«Қайрат» клубының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин Чемпиондар лигасының үшінші турындағы «Пафоспен» өткен (0:0) матчты қорытындылады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz . Маман команда ойыншыларының ерік-жігерін атап өтіп, алдағы кездесулерге деген дайындық жайлы пікір білдірді. «Үшінші минутта қарсылас ойыншысы алаңнан қуылғаннан кейін жоспарымыз түгел өзгерді. Бізде допқа иелік ету пайызы жоғары болды, бірақ соққыларды голға айналдыру жетіспеді. Қарсыластың қақпасына көп соққы жасағанымызбен, нәтиже шығара алмадық», — деді Уразбахтин. Бапкер Темірлан Анарбековтің ойынына да баға берді: «Темірланның қайта оралғанына қуаныштымыз. Бір сәтте ол команданы аман алып қалды. Сол эпизодта тағы жарақат алып қала ма деп қорықтық, бірақ бәрі жақсы». Сондай-ақ ол қорғаушы Александр Заруцкийдің дайындығы туралы айтты: «Ол жаттығу процесіне қосылды, бүгін құрамда болды. Жақын күндері алаңда көреміз». Уразбахтин команда енді толық назарын КПЛ-дің шешуші матчы — «Астанаға» қарсы ойынға аударатынын айтты. «Жігіттер сәл көңілсіз, өйткені екі тайм бойы басымдық бізде болды. Бірақ өмір жалғасады. Алдымызда маусымның ең маңызды ойыны — „Астанаға“ қарсы матч. Чемпиондықты қорғауға дайынбыз», — деді ол. Алдағы турда алматылықтарды жаңа сынақ күтіп тұр — 6 қарашаға қараған түні олар Миланда әйгілі «Джузеппе Меацца» стадионында «Интерге» қарсы ойнайды.
21 Окт - 23:37 Футбол
«Қайрат» пен «Пафос» Чемпиондар лигасындағы ойында тең түсті
21 Окт - 14:52 Футбол
Қайрат Боранбаев Нұралы Әліптің неге «Зенитке» ауысқанын түсіндірді
20 Окт - 17:23 Футбол
Еркін Тапалов ұлттық құрамадан не себепті тыс қалғанын түсіндірді
20 Окт - 13:54 Футбол
Рафаэль Уразбахтин: «Футболды ақша емес, адам ойнайды»
20 Окт - 11:55 Футбол
«Пафос» Алматыға Чемпиондар лигасы матчына келді