Әділбек Мусин Қазақстан рекордын тағы жаңартты

Адильбек Мусин. Фото: Olympic.kz
Қазақстан ұлттық құрамасының жетекші жүзушісі Әділбек Мусин Талдықорғанда өтіп жатқан ел чемпионатында жаңа рекорд орнатты. Ол 50 метр баттерфляй қашықтығында үздік нәтижені тіркеді.
Мусин бұл қашықтықты 23,36 секундта жүзіп өтіп, бұған дейін өзі орнатқан 23,40 секундтық көрсеткішін жаңартты.
Сонымен қатар, Адильбек осы чемпионатта 50 және 100 метр баттерфляйдан алтын жүлдені жеңіп алды.