Әділбек Мусин медальға сәл жетпей тоқтады

Адильбек Мусин

Адильбек Мусин. Фото: Olympic.kz

Испанияның Барселона қаласында халықаралық деңгейдегі ірі жүзу турнирі өтіп жатыр. Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасынан ең жақсы нәтиже Әділбек Мусинге тиесілі болды.

Ол 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден финалға өтіп, мәреге төртінші болып жетті. Бұл – жүлдеге өте жақын көрсеткіш.

Тағы бірнеше қазақстандық спортшы финалда бақ сынады. Ксения Игнатова 200 метрге арқамен жүзуден сегізінші, 50 метрге арқамен жүзуде он алтыншы орын алды. Арсен Қожахметов 50 метрге брасс әдісімен жүзуде он бесінші нәтиже көрсетті. Софья Сподаренко 50 метрге баттерфляймен жүзуде оныншы, ал Максим Сказобцов 100 метрге баттерфляймен жүзуде он төртінші орынға табан тіреді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру