Әділбек Мусин Франциядағы жарыста жүлде алды

Адильбек Мусин. Фото: kazsports.kz
Францияның Канет қаласында басталған Mare Nostrum Swim Tour 2025 халықаралық турнирінде Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде түсті. Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы хабарлады.
100 метрге баттерфляймен жүзуде Әділбек Мусин мәреге екінші болып жетті. Оның уақыты – 51.82 секунд. Жарыста бірінші орынды Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Максим Груссе (51.40) иеленді. Үшінші орынға әлем чемпионы Роман Шевляков (51.93) табан тіреді.
Төртінші болып тағы бір француз спортшысы Клемент Секки (52.47) келді. Айта кетейік, бұл жарысқа әлемнің 53 елінен 609 спортшы қатысып жатыр.