Абужақынова әлемдік рейтингте екінші орынға көтерілді

Абиба Абужакынова

Фото: ijf.org

Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Әбиба Абужақынова дзюдодан әлемдік рейтингте екінші орынға жайғасты, деп хабарлайды Pin-Upsport.kz.

Жаңартылған тізімге сәйкес, ол 48 келіге дейінгі салмақта 5662 ұпай жинап, бірден екі сатыға жоғарылады.

Рейтинг көшін енді италиялық Ассунта Скутто бастап тұр. Ол Будапештте өткен әлем чемпионатының финалында Әбибадан басым түсіп, 5958 ұпайға ие болды. Бұған дейін Скутто төртінші орында болған.

Финалда жеңілсе де, Абужақынова Қазақстан тарихында алғаш рет әйелдер арасында әлем чемпионатының финалына шыққан дзюдошы ретінде есімін алтын әріппен жазды.

Үздік үштікті 5170 ұпайы бар Франция өкілі Ширин Букли түйіндеп тұр. Ол бұған дейін алтыншы сатыда еді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спортивный журналист и обозреватель. Специализируется на казахстанском футболе и олимпийских видах спорта. Побывал на Олимпийских играх в Токио и играх БРИКС.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
04 Авг - 09:13 Жекпе-жек
Эльмира Сыздықова әйелдер күресінен Польшадағы турнирде күміс медаль жеңіп алды
26 Июл - 17:47 Жекпе-жек
Қазақстан дзюдошылары Универсиадада финал жолдамасынан айырылды
26 Июл - 17:33 Жекпе-жек Күрес
Қазақстан дзюдошылары Универсиадада финал жолдамасынан айырылды
21 Июл - 17:17 Жекпе-жек
Қазақстандық балуандар Венгриядағы турнирде жеті медальға қол жеткізді
17 Июл - 15:33 Жекпе-жек
Дзюдодан Моңғолиядағы Grand Slam турниріне қатысатын қазақстандықтар белгілі болды
16 Июл - 14:18 Жекпе-жек
Будапештте өтетін халықаралық турнирге қатысатын қазақстандықтар белгілі болды
01 Июл - 15:24 Жекпе-жек
Қазақ чемпионы допинг дауына ілікті
27 Июн - 15:47 Жекпе-жек
Будапешттегі бәсекеде жеті қазақстандық балуан қыз бозкілемге шығады
25 Июн - 14:48 Жекпе-жек
Абужақынова әлемдік рейтингте екінші орынға көтерілді
17 Июн - 16:10 Жекпе-жек
Қазақстандық таеквондошылар АҚШ-тағы Гран-при кезеңінен үш жүлде алды