Абат Айымбетовке Европа мен Азия клубтарынан ұсыныс түсті

Абат Аймбетов

Фото: Anadolu via Getty Images

Қазақстандық шабуылшы Абат Айымбетовтің агенті Траян Гергишан футболшының қазіргі жағдайы мен мансаптағы келесі қадамы туралы айтты, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz ASnews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Абаттың жағдайы ерекше. Бізге бірнеше ұсыныс түсті, қазір олардың бәрін мұқият қарап жатырмыз. Ең дұрыс шешім қабылдағымыз келеді. Жақында Түркия, Румыния, Иран және Парсы шығанағы елдерінің клубтарымен келіссөздер жүргіздік. Оны мазалап жүрген жеке немесе отбасылық мәселе жоқ — бәрі жақсы. Тек болашағы жайлы нақты шешім қабылдау қалды. Абат бабында», — деді агент.

Айымбетов соңғы рет мамыр айында Түркияның «Адана» клубы сапында алаңға шыққан. Ол маусымда 37 матч өткізіп, 6 гол соқты.

Оған дейін 30 жастағы шабуылшы «Ақтөбе», «Қайрат», «Астана» және Ресейдің «Крылья Советов» клубтарында ойнаған.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Янв - 22:20 Футбол
«Қайрат» Чемпиондар лигасында «Брюггеге» ірі есеппен жол берді
20 Янв - 15:19 Футбол
«Реал» Винисиустың қысқы трансферде кетпейтінін мәлімдеді
20 Янв - 08:25 Футбол
Қазақстан құрамасы FIFA Series 2026 турнирінде Намибия, Комор аралдары және Кувейтпен ойнайды
19 Янв - 10:00 Футбол
«Ақтөбе» Миралем Пьяничтің ауысымы бойынша келісімге келді
19 Янв - 08:29 Футбол
Сенегал құрамасы Кубок Африка турнирінің чемпионы атанды
18 Янв - 13:00 Футбол
Нани «Ақтөбе» клубына ауысуға жақын
18 Янв - 09:25 Футбол
Ислам Чесноков дебют жасаған матчта «Хартс» Кубок Шотландиясынан шығып қалды
17 Янв - 20:21 Футбол
Килиан Мбаппе Испания чемпионатында жаңа мергендік рекорд орнатты
17 Янв - 16:00 Футбол
Криштиану Роналду 2025 жылдың ең жоғары табыс тапқан спортшысы атанды
17 Янв - 13:05 Футбол
Александр Меркель алғаш рет Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсетеді