Зайнутдинов «Динамоның» оқу-жаттығу матчына қатысты

Бактиер Зайнутдинов

Фото: ФК Динамо

Мәскеулік «Динамо» мен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов клуб базасында өткен оқу-жаттығу ойынына шықты, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz «РБ Спортқа» сілтеме жасап.

Кездесу 30 минуттан екі таймнан тұрды. Бұл – жарақатынан айыққан Зайнутдиновтың алаңға шыққан алғашқы ойыны. Ол осы себепті әлем чемпионатының іріктеуіндегі Қазақстан құрамасының матчтарына қатыса алмады.

Еске салайық, Қазақстан құрамасы қыркүйекте Уэльстен (0:1) ұтылып, Бельгиядан (0:6) ірі есеппен жеңілді. Осы матчтардан кейін бас бапкер Әли Әлиев отставкаға кетті.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спортивный журналист и обозреватель. Специализируется на казахстанском футболе и олимпийских видах спорта. Побывал на Олимпийских играх в Токио и играх БРИКС.
Барлық авторлық жазбаларды көру