Жереми Доку Дастан Сәтпаевтың ойынын жоғары бағалады

Дастан Сатпаев

Фото: КФФ

«Манчестер Сити» мен Бельгия құрамасының жартылай шабуылшысы Жереми Доку Қазақстанға қарсы өткен ойындағы жеңістен кейін пікір білдірді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

«Қазақстан құрамасы жаман ойнаған жоқ деп ойлаймын, әсіресе алғашқы отыз минутта. Қорғаныста дұрыс әрекет етіп, қарымта шабуылға шығуға мүмкіндіктері болды. Бұл бәрі гол жібергенге дейін еді.

19-нөмірлі ойыншыны — Дастан Сәтпаевты атап өткім келеді. Оның ойыны менде жақсы әсер қалдырды. Жалпы жігіттер бар күшін салды, енді ең бастысы — еңбектенуді жалғастыру», — деді Доку Sports24.kz сайтына берген сұхбатында.

Айта кетейік, 7 қыркүйекте Брюссельдегі «Андерлехт» стадионында өткен матч Бельгияның 6:0 есебімен ірі жеңісімен аяқталды.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру