Марокко құрамасы әлем чемпионатына жолдама алды

Морокко

Фото: SuperSport

Марокко футболшылары 2026 жылғы әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдамаға ертерек қол жеткізді. Олар іріктеу кезеңінде Нигерді 5:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Валид Реграги жаттықтыратын команда алты турдан кейін 18 ұпай жинап, Е тобында көш бастап тұр. Екінші орында келе жатқан Танзанияның еншісінде 10 ұпай бар.

Марокко әлем чемпионатына жолдама алған алғашқы африкалық құрам болды. Бұл — олардың қатарынан үшінші мундиалі. Ал 2030 жылы марокколықтар дүбірлі доданы қабылдайтын елдердің бірі ретінде алаңға шығады.

Айта кетейік, АҚШ, Канада және Мексика турнир иесі ретінде бірден финалдық кезеңге өтті. Сонымен бірге Жапония, Иран, Оңтүстік Корея, Иордания, Австралия, Өзбекстан, Жаңа Зеландия, Аргентина, Эквадор, Бразилия, Колумбия, Уругвай және Парагвай да жолдамасын рәсімдеді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
27 Окт - 16:50 Футбол
Рафаэль Уразбахтин «Қайраттан» кетті: бұрынғы ойыншы оны Қазақстандағы ең мықты бапкер деп атады
27 Окт - 13:50 Футбол
France Football Ламин Ямалдың «Алтын доп»-2026 жүлдесін неге жеңе алмағанын түсіндірді
27 Окт - 13:17 Футбол
Килиан Мбаппе «Алтын доп»-2026 дауыс беруіндегі екінші орынға реакция білдірді
27 Окт - 11:04 Футбол
Криштиану Роналду Португалия құрамасының кеңейтілген тізіміне енді
27 Окт - 10:20 Футбол
Харри Кейн 30 жылдан кейін Бундеслигадан шыққан алғашқы «Алтын доп» иегері атанды
27 Окт - 09:49 Футбол
«Ордабасы» Чемпиондар лигасындағы жолын бірінші іріктеу кезеңінен бастайды
27 Окт - 09:00 Футбол
Харри Кейн мен Алексия Путельяс «Алтын доп-2026» иегерлері атанды
23 Окт - 10:30 Футбол
«Ордабасы» мен «Қайрат» КПЛ-дің 29-туры аясында маңызды матчтарын өткізеді
23 Окт - 09:07 Футбол
Грекиялық БАҚ «Панатинаикос» қорғаушыларының «Қайратқа» қарсы ойынына баға берді
21 Окт - 15:05 Футбол
Рафаэль Уразбахтин: ««Панатинаикосты» құрметтейміз, бірақ одан қорықпаймыз»