«Қайрат» Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне өткені үшін қанша табыс табады
Алматының «Қайрат» клубы тарихи жетістікке қол жеткізіп, алғаш рет Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Қазақстандық команда іріктеу кезеңінде бірқатар мықты қарсыластарды қапы қалдырды.
Жолдамаға дейін «Қайрат» словениялық «Олимпияны» (3:1), финляндиялық КуПС-ті (3:2) және словакиялық «Слованды» (1:1, пен. 4:3) тізе бүктірді. Ал плей-оффта шотландиялық «Селтикті» (0:0, пен. 3:2) жарыстан шығарды. Бұл жеңіс клубқа 18,62 миллион еуро (шамамен 11,6 миллиард теңге) табыс әкелді.
Топтық кезеңде де сыйақы қомақты: жеңіске 2,1 миллион еуро, ал тең ойынға 700 мың еуро төленеді. Енді алматылық клуб Еуропаның алпауыт командаларымен күш сынасып, жаңа жетістіктерге ұмтылады.