«Слован» Вайсстың Қазақстан құрамасына баратыны туралы сыбысты жоққа шығарды

Владимир Вайсс

Фото: Milanreports.com

Братиславаның «Слован» клубы бас бапкер Владимир Вайсстың Қазақстан ұлттық құрамасын тізгіндейді деген ақпаратты ресми түрде теріске шығарды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Словакиялық клубтың ресми сайтында жарияланған мәлімдемеде бұл жаңалықтың ешқандай негізі жоқ екені айтылды. «Слован» мұндай деректерді шындыққа жанаспайтын, тек қана күмәнді дереккөздерге сүйенген жалған ақпарат деп атады.

Клуб мұндай алып-қашпа әңгімелер команданың да, бапкердің де беделіне нұқсан келтіретінін атап өтті.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру