Данилина мен Крунич Кливлендтегі финалға жолдама алды

Анна Данилина

Анна Данилина. Фото: КФТ

Қазақстандық Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен жұптасып WTA 250 санатындағы Кливленд турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Жартылай финалда олар чехиялық Анастасия Децюк пен Мириам Шкох дуэтін 6:2, 6:4 есебімен сенімді түрде жеңді. Ойын уақыты 1 сағат 19 минутқа созылды. Финалда Данилина мен Крунич Қытайлық Тайбэйден Чжань Хаоцин және Қытайдан Синью Янь жұбына қарсы ойнайды.

Айта кетейік, биыл Анна Данилина Мария Боузковамен бірге Истборн турнирінде жеңімпаз атанып, Мерида, Лондон және Ноттингем жарыстарының финалында бақ сынады. Сондай-ақ, дәл осы Круничпен бірге “Ролан Гаррос” финалына дейін жеткен болатын.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
27 Окт - 12:50 Теннис
Елена Рыбакина 2026 жылғы маусымды әлемнің бірінші ракеткасы ретінде аяқтауға бір жеңіс қалды
23 Окт - 08:26 Теннис
БАҚ Елена Рыбакина мен Катажина Каваның Нинбодағы матчы бойынша болжам жасады
22 Окт - 17:38 Теннис
Михаил Кукушкин Almaty Open турнирінде кәсіби мансабын аяқтады
21 Окт - 17:00 Теннис
Анна Данилина Нинбодағы WTA 500 турнирінің жұптық бәсекесін алғашқы айналымнан аяқтады
20 Окт - 17:02 Теннис
Стефанос Циципас Almaty Open турнирінің екінші айналымында Михаил Кукушкинмен кездеседі
19 Окт - 12:05 Теннис
Рыбакина әлемдік рейтингтегі көшбасшылығын сақтады, Путинцева 14 орынға көтерілді
17 Окт - 22:57 Теннис
Александр Шевченко Almaty Open ATP 250 турнирінің іріктеу кезеңінің финалына шықты
16 Окт - 16:00 Теннис
Рафаэль Ходар Шанхайдағы төртінші камбэгін жасап, «Мастерс» жартылай финалына шықты
16 Окт - 15:20 Теннис
Сонай Картал Ухандағы WTA-1000 турнирінде жартылай финалға жолдама алды
15 Окт - 21:13 Теннис
Алматыда World Tennis Бас ассамблеясының қорытындысы шығарылды