Ришарлисон АПЛ-дың алғашқы турында жарқырады

english.aawsat.com

Фото: Ришарлисон

«Тоттенхэмнің» шабуылшысы Ришарлисон Англия Премьер-лигасының бірінші турындағы үздік ойыншы атанды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Сонымен қатар әйгілі Алан Ширердің нұсқасы бойынша ол турдың үздік құрама командасына енді.

«Бернлиге» қарсы өткен ойында Ришарлисон екі гол соғып, оның бірін әдемі «бисиклетамен» жүзеге асырды. Дәл осындай голды ол 2022 жылғы әлем чемпионатында Сербия қақпасына да соққан болатын.

Кездесуден кейін бразилиялық футболшы Instagram парақшасына өзінің бейнесі аңыз ойыншы Роналдомен қабаттасқан коллажды жариялады.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру