«Челси» Сатпаевтың ойынын жіті қадағалауда

Дастан Сатпаев

Фото: КФФ

«Қайрат» футбол клубының Бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев Дастан Сатпаев пен лондондық «Челси» арасындағы жағдайдың кейбір тұстарын айтты, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Боранбаевтың сөзінше, 18 жасқа дейін Англияда еңбек визасын алу мүмкін емес. Егер Сатпаев ұлттық құрамаға шақырылмаса, ол «Челсидің» оқу-жаттығу жиынына қатысып, екі апта командамен бірге болар еді. Ал футболшының Қазақстан құрамасына шақырылғанын естіген ағылшындар: «Бұл жаңалыққа өте қуаныштымыз, міндетті түрде барсын» деп жауап берген.

Осылайша, «Челси» жас шабуылшының дамуын мұқият бақылап, оның құрамаға шақырылуын оң бағалап отыр.

Айта кетейік, Дастан Сатпаев ағылшын клубымен ресми келісімшартқа тек 18 жасқа толған соң қол қоя алады. 2026 жылы ол толыққанды «Челси» ойыншысы атануға құқылы болады.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
02 Авг - 12:17 Футбол
«Челсидің» жанкүйерлік парақшасы Уэлбектің трансфері Сатпаевқа қалай әсер ететінін бағалады
02 Авг - 08:11 Футбол
ФИФА УЕФА қарсылығынан кейін даулы жобадан бас тартты
01 Авг - 13:02 Футбол
«Арсенал» Винисиуспен келісімге келіп, «Реалға» ұсыныс дайындап жатыр
30 Июл - 23:11 Футбол
«Тобыл» пенальти сериясында жеңіске жетіп, Конференциялар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне шықты
30 Июл - 20:45 Футбол
УЕФА ФИФА турнирлеріне бойкот жариялауы мүмкін екенін мәлімдеді
29 Июл - 23:11 Футбол
«Қайрат» қатарынан екінші маусымда еурокубоктың негізгі кезеңінде ойнайды
29 Июл - 22:39 Футбол
«Қайрат» драмалық матчта Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне шықты
29 Июл - 15:05 Футбол
ПСЖ Родри үшін «Реалмен» таласқа қосылды
29 Июл - 13:45 Футбол
«Қайрат» – «Омония» матчын қайдан көруге болады
29 Июл - 10:55 Футбол
«Ювентус» Джошуа Зиркзеені жалға алуға жақын