Рыбакина Цинциннатиде ширек финалға жолдама алды

Елена Рыбакина

Фото: Getty Images

Әлемдік рейтингте 10-орында тұрған Елена Рыбакина АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің 1/8 финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Қазақстандық спортшы әлемнің алтыншы ракеткасы саналатын америкалық Мэдисон Кизді 6:7 (3:7), 6:4, 6:2 есебімен ұтып, ширек финалға өтті.

Бұған дейін Рыбакина бұл жарыста мексикалық Рената Сарасуаны (70-орын) 4:6, 6:0, 7:5, ал бельгиялық Элиза Мертенсті (22-орын) 4:6, 6:3, 7:5 есебімен жеңген болатын.

Биылғы турнирдің жүлде қоры 5 152 599 АҚШ долларын құрайды. Чемпион атанған спортшы 752 275 доллар және 1000 рейтингтік ұпай иеленеді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру