Александр Шевченко Цинциннатидегі турнирдің келесі кезеңіне өтті

Александр Шевченко

Фото: Getty Images

Цинциннатиде өтіп жатқан ATP Masters турнирінің іріктеу кезеңінде қазақстандық Александр Шевченко америкалық Тайлер Цинкті жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Кездесудің алғашқы екі партиясы тай-брейкпен аяқталды. Әуелі жеңісті қарсылас еншілесе, екінші сетте Шевченко таразы басын теңестірді. Ал шешуші үшінші партияда отандасымыз 6:3 есебімен басым түсіп, матчты өз пайдасына аяқтады.

Келесі айналымда Шевченко эквадорлық Даниэль Элаи Галанмен кездеседі.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру