«Ақтөбе» аңызы клубтың спорт директоры атанды

Марат Хайруллин

Фото: ФК Актобе

«Ақтөбе» футбол клубының спорт директоры қызметіне команданың бұрынғы ойыншысы Марат Наильұлы Хайруллин тағайындалды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Ол енді клубтың спорттық бағытына жауапты болады. Команданың даму стратегиясына тікелей араласып, жаңа серпін береді деген үміт бар.

Марат Хайруллин «ақ-қызыл» жейдені 2007–2015 жылдар аралығында киді. Осы кезеңде 224 ойын өткізіп, 62 голмен клуб тарихындағы үздік сұрмерген атанды.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру