Бақтиер Зайнутдиновтың трансфер құны жарияланды

Бахтиер Зайнутдинов

Фото: Anadolu via Getty Images

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов енді ресми түрде Мәскеудің «Динамо» командасының ойыншысы атанды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Transfermarkt порталының мәліметінше, трансфер құны 2,8 миллион еуроны құраған. Бұған дейін Бақтиердің ресейлік клубпен келісімшарты 2029 жылдың жазынына дейін жарамды екені айтылған.

Зайнутдинов 2023 жылдан бері Ыстамбұлдың «Бешикташ» сапында ойнады. Бұған дейін ол ЦСКА, «Ростов», «Астана» және «Тараз» клубтарында түрлі позицияда өнер көрсетті.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру