Елена Рыбакина WTA рейтингінде бір сатыға жоғарылады

Елена Рыбакина

Елена Рыбакина. Фото: ISI Photos

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жаңартқан рейтингте Елена Рыбакина 12-орынға көтерілді. Қазақстанның бірінші ракеткасының еншісінде қазір 2806 ұпай бар, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Юлия Путинцева 1225 ұпаймен 43-орынды сақтап қалды. Ал Зарина Дияс жеті саты төмен сырғып, 269-орынға түсті. Жібек Қуламбаева сегіз саты алға жылжып, 292-орынға жайғасты.

Жұптық рейтингте Анна Данилина әлемнің үздік он теннисшісінің қатарында. Жаңартылған көшбасшылар үштігі: Арина Соболенко (Беларусь), Кори Гауфф (АҚШ) және Ига Швёнтек (Польша).

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру