Исламхан «Қайсардың» қатарын толықтыруы мүмкін

Бауыржан Исламхан

Бауыржан Исламхан

Қазақстан құрамасы мен Түркістанның «Тұран» командасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан жаңа клубтан ұсыныс алды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Sport Ministri дерегінше, Қызылорданың «Қайсар» клубының президенті Талғат Әбдіғаппарұлы танымал футболшымен кездескенін әлеуметтік желідегі парақшасында жазған. Әңгіме барысында ол Исламханды өз командасынан көргісі келетінін білдірген.

Қазіргі таңда «Қайсар» құрамын қазақстандық футболшылармен күшейтуді көздеп отыр. Алайда Бауыржанның жарақаты әлі жазылған жоқ. Оның нақты қашан алаңға оралатыны әзірге белгісіз.

Еске салайық, 32 жастағы футболшы биыл ақпанда «Тұранға» қосылған еді. Бірақ жол апатынан кейінгі жарақатынан толық айықпағандықтан, жаңа командасы сапында әлі ресми матч өткізген жоқ. Бұған дейін ол «Қайрат», «Астана», «Ордабасы» және БАӘ-нің «Аль-Айн» клубтарында ойнаған.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Окт - 16:30 Футбол
КФФ «Актобе» мен «Ордабасы» арасындағы матчтан кейін жаза қолданды
20 Окт - 15:15 Футбол
Ресей мен Өзбекстан құрамалары жолдастық матч өткізеді
20 Окт - 14:30 Футбол
«Бавария» – «Арсенал»: Мюнхендегі матчты қайдан көруге болады
20 Окт - 13:57 Футбол
Тен Хаг «Манчестер Юнайтедтегі» Роналдумен арадағы келіспеушілік туралы айтты
20 Окт - 13:05 Басқа Футбол
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеуді Беларусьпен матчтан бастайды
20 Окт - 10:00 Футбол
«Барселона» Швейцария құрамасының үш гол соққан жартылай қорғаушысына көз тікті
19 Окт - 11:30 Футбол
Бекбаев «Ордабасының» жеңісіне баға беріп, чемпиондық жарыстағы маңызын атап өтті
19 Окт - 10:00 Футбол
«Реал» Моуриньюдің орнына Дешамды қарастырып отыр
16 Окт - 13:15 Футбол
«Рига» жеңіске жақын болды: латвиялық клубтың бапкері «Қайратқа» қарсы ойын туралы айтты
16 Окт - 11:20 Футбол
Уразбахтин «Қайраттың» Ригадағы нәтижесіне баға берді