«Реал» маусымды рекордтық табыспен аяқтады

Мадридтің «Реалы» 2024/2025 қаржылық маусымын 24 миллион еуро таза пайдамен жапты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 56 пайызға көп, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Клубтың трансферден тыс табысы 1,185 миллиард еуроға жетіп, жаңа рекорд орнатты. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 10 пайызға жоғары. Мұндай қаржылық межені бұған дейін бірде-бір футбол клубы бағындырмаған. Ал EBITDA көрсеткіші 242,9 миллион еуроға жетіп, клуб тарихындағы ең жоғары деңгейге көтерілді.

«Реалдың» меншікті капиталы 598 миллион еуроға өскен. Қарыз коэффициенті нөлге тең — бұл клубтың қаржылық тәуелсіздігін көрсетеді. Стадионды жаңғырту үшін алынған несиелерді есептемегенде, клубтың нақты қарызы — 12 миллион еуро. Ал құрылысқа қатысты берешек — 1,132 миллиард еуро.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру