«Реал» Лукаспен қоштасуға дайын

Лукас Васкес

Фото: Real Madrid via Getty Images

Мадридтің «Реалы» қорғаушы Лукас Васкестің клубтан кететінін ресми түрде мәлімдеді. Онымен қоштасу салтанаты 17 шілде күні «Реал Мадрид Сити» базасында өтеді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Салтанатты шараға клуб президенті Флорентино Перес қатысады. Ол Васкесті «клуб тарихындағы ұлы тұлғалардың бірі» деп атады. Лукас 2007 жылдан бері «Реал» жүйесінде ойнап, негізгі құрамда 402 матч өткізіп, 23 жүлде жеңіп алды. Олардың қатарында бес рет Чемпиондар лигасы мен клубтық әлем чемпионатының титулдары бар.

Клуб өкілдері Васкестің «Реалдың» құндылықтарын бойына сіңірген еңбекқор, табанды, жеңіске құштар ойыншы екенін атап өтті. Ол жанкүйерлердің сүйіктісіне айналды және әрқашан «Реалдың» бір бөлшегі болып қала береді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру