Астана қаласында теннистен Президент кубогы өтеді

«Кубок Президента»

«Кубок Президента». Источник изображения: пресс-служба ФТК

Астана қаласында теннистен Президент кубогы аясында 27 шілде – 16 тамыз аралығында ATP Challenger Tour және ITF World Tennis Tour турнирлері өтеді.

Биыл 18-ші рет ұйымдастырылып отырған Президент кубогында ел намысын Григорий Ломакин, Амир Омарханов, Заңғар Нұрланұлы, Дамир Жалғасбай, Аружан Сағындықова, Асылжан Арыстанбекова, Сандуғаш Кенжебаева және басқа теннисшілер қорғайды.

Аталмыш додада кезінде Даниил Медведев, Андрей Рублев, Карен Хачанов, Себастьян Корда, Роман Сафиулин, Миомир Кецманович сияқты белгілі спортшылар өнер көрсетті.

Қазақстан теннис федерациясы Президент кубогын 1991 жылдан бері өткізіп келеді. 2007 жылы халықаралық мәртебе алған жарыста әр жылдары қазақстандықтар Михаил Кукушкин мен Андрей Голубев, украиналық Илья Марченко, аустриялық Себастьян Оффнер, Германия құрамасының қазіргі капитаны Райнер Шуттлер,

Аустралия ашық чемпионаты мен Ролан Гаррос турнирінің жеңімпазы, хорватиялық Иван Додиг, жұптық сында «Үлкен дулыға» турнирінің екі дүркін чемпионы, қытайлық Чжан Шуай және басқалар үздік шықты.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
21 Июл - 10:55 Теннис
Қазақстандық теннисші Өзбекстандағы халықаралық турнирде алтын жеңіп алды
18 Июл - 18:48 Теннис
Александр Шевченко Швейцариядағы ATP турнирінің жартылай финалында жеңілді
13 Июл - 21:10 Теннис
Тимофей Скатов Гштаадтағы ATP 250 турнирін алғашқы айналымда аяқтады
13 Июл - 19:04 Теннис
Жібек Құламбаева Яссыдағы WTA 250 турнирінің негізгі кезеңіне шыға алмады
13 Июл - 16:08 Теннис
Денис Евсеев Нидерландыдағы ATP Challenger турнирінің негізгі кезеңіне шыға алмады
13 Июл - 09:35 Теннис
WTA рейтингі жаңартылды: қазақстандық теннисшілердің жаңа орындары белгілі болды
04 Июл - 19:46 Теннис
Елена Рыбакина Уимблдон-2026 турниріндегі жарысын аяқтады
01 Июл - 14:17 Теннис
Григорий Ломакин Қытайдағы ITF M15 турнирінің екінші айналымына шықты
30 Июн - 22:21 Теннис
Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің екінші айналымына шықты
29 Июн - 18:04 Жекпе-жек Теннис
Юлия Путинцева «Уимблдондағы» жарысты алғашқы айналымда аяқтады