ПСЖ «Реалды» жарыстан шығарып тастады

ПСЖ

Фото: Getty Images

Париждік «ПСЖ» клубтық әлем чемпионатының жартылай финалында мадридтік «Реалды» 4:0 есебімен ойсырата жеңіп, финалға жолдама алды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Бұл ойында Хаби Алонсо шабуыл шебіне Мбаппе мен Винисиус Жуниорды қатар шығарды. Алайда бұл шешім нәтиже бермеді. Матч басталған бетте «Реал» екі гол жіберіп алып, қателіктерден көз ашпады. Қақпашы Куртуа мен қорғаушылар бірнеше рет сәтсіздікке ұшырап, Дембеле өз мүмкіндігін шебер пайдаланды. Бірінші таймда «ПСЖ» допқа толық иелік етіп, шабуыл үстемдігін жүргізді.

Үзілістен кейін де мадридтіктерде жағдай жақсармады. Ойын тізгінін берік ұстаған француздар қарсыласқа бірде-бір нақты соққы жасауға мүмкіндік бермеді. Есесіне Рамуш қорытынды голды салып, есепті 4:0-ге жеткізді. Енді «ПСЖ» финалда «Челсимен» кездеседі. Ал «Реал» үшін бұл турнир осы жерден аяқталды.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
04 Фев - 09:06 Футбол
Абат Айымбетов Румынияға ауысуға жақын
03 Фев - 10:28 Футбол
Роналду «Әл-Насрдан» кету мүмкіндігін қарастырып жүр
02 Фев - 14:01 Футбол
Месси Еуропаға қайта оралуы мүмкін: «Галатасараймен» келіссөздер жүріп жатыр
02 Фев - 11:14 Футбол
Криштиану Роналду «Әл-Насрдағы» жағдайға наразы және матчқа қатыспауы мүмкін
30 Янв - 16:36 Футбол
«Рубин» Валерий Громыконы «Қайраттан» кеткеннен кейін өз қатарына қосуды қарастыруда
30 Янв - 08:06 Футбол
Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне шыққан барлық командалар анықталды
29 Янв - 20:58 Футбол
Темірлан Анарбеков Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі үздік үш ойыншының қатарына енді
29 Янв - 15:03 Футбол
Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінен кейін Қазақстан УЕФА коэффициенттер рейтингінде 37-орынға түсті
29 Янв - 11:56 Футбол
«Қайрат» Чемпиондар лигасындағы дебютін аяқтап, рекордтық табысқа қол жеткізді
29 Янв - 08:52 Футбол
Боранбаев «Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы тарихи маусымын қорытындылады