Клубтар арасындағы әлем чемпионатында фавориттер анықталды

Челси

Фото: Getty Images

1/8 финал кезеңінен кейін суперкомпьютер Opta футболдан 2025 жылғы клубтық әлем чемпионатының басты үміткерлерін атады. Көш басында ағылшындық «Челси» тұр – жеңіске жету мүмкіндігі 26,8%, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Ширек финалға шыққан сегіз команданың қатарында «Челси», «Пари Сен-Жермен», «Реал» Мадрид, «Бавария», «Боруссия» Дортмунд, «Аль-Хиляль», «Палмейрас» және «Флуминенсе» бар. Ең төмен көрсеткіш бразилиялық клубтарда – «Флуминенсе» (1,5%) және «Палмейрас» (3%).

Опта дерегі бойынша, «Челси» 1/4 финалды сенімді түрде еңсеруі мүмкін – 74,8%. Бұл кезеңде олар «Палмейраспен» кездеседі. Сонымен қатар «Флуминенсе» – «Аль-Хиляль», «ПСЖ» – «Бавария» және «Реал» – «Боруссия» матчтары өтеді.

4 шілдеден басталатын ойындарды Qazsport арнасы тікелей эфирде көрсетеді. Жартылай финал 9 және 10 шілдеге, ал шешуші финал 14 шілдеге жоспарланған.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар