«Тобыл» өз алаңында жеңіске жетті

Тобол

Фото: ФК Тобол

Костанайдың «Тобылы» ел чемпионатының 12-турында «Жетісудан» 2:1 есебімен басым түсті, деп хабарлайды Pin-Upsport.kz.

Кездесу Қостанайдағы Орталық стадионда өтті.

Есепті 19-минутта Жаслан Жұмашев ашты. Ал Ислам Чесноков екінші таймда таблодағы айырмашылықты арттырды. Қонақтар сапынан Руслан Болов бір голмен жауап қатты, бірақ ол «Жетісуды» жеңілістен құтқара алмады.

Нұрбол Жұмасқалиев баптайтын «Тобыл» үш ұпай еншілеп, турнирлік кестедегі орнын сақтап қалды.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру