«Динамо» Бахтиер Зайнутдиновпен келіссөз жүргізіп жатқан жоқ

Бахтиер Зайнутдинов

Фото: Alamy Stock Photo

Мәскеудің «Динамо» клубы Бахтиер Зайнутдиновке қатысты «Бешикташпен» келіссөз жүргізіп жатқан жоқ, деп хабарлайды Pin-Upsport.kz.

Бұған дейін қазақстандық басылымдар тараптар трансфер құнын келісіп, енді футболшымен жеке келісімшарт жайын талқылап жатыр деген ақпарат таратқан.

Алайда қазіргі таңда Қазақстан құрамасының 27 жастағы жартылай қорғаушысына қатысты нақты мәміле жоқ. «Спорт-Экспресс» мәліметінше, келіссөз де басталмаған.

Зайнутдинов «Бешикташ» сапында үшінші маусым қатарынан ойнап жүр. Өткен жазда ол «Зениттің» ұсынысынан бас тартқан болатын. Бұған дейін Бахтиер Ресей Премьер-лигасында «Ростов» пен ЦСКА командаларында ойнады. Жалпы чемпионатта 95 матчқа қатысқан.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Окт - 16:30 Футбол
КФФ «Актобе» мен «Ордабасы» арасындағы матчтан кейін жаза қолданды
20 Окт - 15:15 Футбол
Ресей мен Өзбекстан құрамалары жолдастық матч өткізеді
20 Окт - 14:30 Футбол
«Бавария» – «Арсенал»: Мюнхендегі матчты қайдан көруге болады
20 Окт - 13:57 Футбол
Тен Хаг «Манчестер Юнайтедтегі» Роналдумен арадағы келіспеушілік туралы айтты
20 Окт - 13:05 Басқа Футбол
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеуді Беларусьпен матчтан бастайды
20 Окт - 10:00 Футбол
«Барселона» Швейцария құрамасының үш гол соққан жартылай қорғаушысына көз тікті
19 Окт - 11:30 Футбол
Бекбаев «Ордабасының» жеңісіне баға беріп, чемпиондық жарыстағы маңызын атап өтті
19 Окт - 10:00 Футбол
«Реал» Моуриньюдің орнына Дешамды қарастырып отыр
16 Окт - 13:15 Футбол
«Рига» жеңіске жақын болды: латвиялық клубтың бапкері «Қайратқа» қарсы ойын туралы айтты
16 Окт - 11:20 Футбол
Уразбахтин «Қайраттың» Ригадағы нәтижесіне баға берді