Алонсо «Реалға» бас бапкер боп оралады

Хаби Алонсо

Фото: Getty Images

«Реал Мадрид» клубы Хаби Алонсоның келесі маусымнан бастап команда тізгінін ұстайтынын ресми түрде жариялады. Жаңа келісімшарт 2025 жылдың 1 маусымынан 2028 жылдың 30 маусымына дейінгі аралықты қамтиды.

Алонсо 2009 бен 2014 жылдары аралығында «Реал» сапында доп теуіп, 236 матч өткізген. Осы кезеңде ол Чемпиондар лигасы, Ла Лига, Испания кубогы мен суперкубогын қоса алғанда, алты бірдей жүлде жеңіп алды. Сонымен қатар, Испания құрамасы сапында Әлем чемпионатын және екі Еуропа чемпионатын ұтқан.

Бапкерлік жолын «Реал» академиясынан бастаған ол кейін «Байер» клубында өзін танытты. Леверкузендік команданы үш маусымда-ақ Германияның чемпионы, Кубок иегері әрі Суперкубок иегері атандырды.

26 мамыр күні Хаби Алонсо жаңа қызметінде ресми түрде таныстырылады. Презентация «Реал Мадрид Сити» орталығында өтіп, оған клуб президенті Флорентино Перес қатысады. Іс-шара соңында Алонсо журналистерге сұхбат береді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спортивный журналист и обозреватель. Специализируется на казахстанском футболе и олимпийских видах спорта. Побывал на Олимпийских играх в Токио и играх БРИКС.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
18 Окт - 15:05 Футбол
«ПСЖ» Ламин Ямальды алу үшін рекордтық сома ұсынбақ
18 Окт - 10:00 Футбол
«Астана» мен «Ақтөбе» ойынына барлық билет сатылып кетті
16 Окт - 08:28 Футбол
«Ақтөбенің» бас бапкері ҚПЛ-дың басқа клубына ауысуы мүмкін
15 Окт - 18:00 Футбол
Лионель Месси Майамиде халықаралық жасөспірімдер турнирін өткізеді
15 Окт - 13:31 Футбол
Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері Денис Мамонов қызметінен кетті
15 Окт - 12:55 Футбол
Дастан Сатпаев — The Guardian таңдаған әлемнің ең үздік жас футболшыларының қатарында
15 Окт - 11:32 Футбол
Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде үш сатыға көтерілді
15 Окт - 08:49 Футбол
Карим Бензема Түркия чемпионатына ауысуы мүмкін
14 Окт - 21:27 Футбол
Футзалдан Қазақстан құрамасының Өзбекстанмен өтетін жолдастық матчтарға шақырылған ойыншылар тізімі
14 Окт - 16:20 Футбол
Исламбек Қуат Македониямен өткен матчтан кейін құрамадан кетпек болған