Карпович «Елімайдағы» орнын босатуы мүмкін

Андрей Карпович

Андрей Карпович. Фото: kazfootball.kz

Meta-ratings.kz мәліметінше, «Елімай» клубының бас бапкері Андрей Карпович алдағы күндері қызметінен кетуі ықтимал. Бұған команданың соңғы нәтижелері себеп болып отыр.

Семейлік ұжымның «Оқжетпеске» (0:2), «Ақтөбеге» (0:1) жеңілуі және Қазақстан Кубогынан «Қызылжарға» жол беруі – Абай облысының әкімі Берік Уәлидің наразылығын тудырған. Сонымен қатар клуб басшылығы ойыншылардың алаңдағы жанкештілігіне де күмәнмен қарап отыр.

Карповичтің тағдыры «Қайратқа» қарсы өтетін келесі үйдегі матчта шешілуі мүмкін. Ал оның орнына басты үміткер – жуырда ғана «Ертістен» кеткен Қайрат Нұрдаулетов. Ол клубтағы басшылықпен болған келіспеушілікке байланысты қызметінен өз еркімен кеткен еді.

Тегтер:
Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Окт - 16:30 Футбол
КФФ «Актобе» мен «Ордабасы» арасындағы матчтан кейін жаза қолданды
20 Окт - 15:15 Футбол
Ресей мен Өзбекстан құрамалары жолдастық матч өткізеді
20 Окт - 14:30 Футбол
«Бавария» – «Арсенал»: Мюнхендегі матчты қайдан көруге болады
20 Окт - 13:57 Футбол
Тен Хаг «Манчестер Юнайтедтегі» Роналдумен арадағы келіспеушілік туралы айтты
20 Окт - 13:05 Басқа Футбол
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеуді Беларусьпен матчтан бастайды
20 Окт - 10:00 Футбол
«Барселона» Швейцария құрамасының үш гол соққан жартылай қорғаушысына көз тікті
19 Окт - 11:30 Футбол
Бекбаев «Ордабасының» жеңісіне баға беріп, чемпиондық жарыстағы маңызын атап өтті
19 Окт - 10:00 Футбол
«Реал» Моуриньюдің орнына Дешамды қарастырып отыр
16 Окт - 13:15 Футбол
«Рига» жеңіске жақын болды: латвиялық клубтың бапкері «Қайратқа» қарсы ойын туралы айтты
16 Окт - 11:20 Футбол
Уразбахтин «Қайраттың» Ригадағы нәтижесіне баға берді