Олимпиада-2028 АҚШ-та қашан өтеді?

Олимпиада-2028

Олимпиада-2028. Фото: AECbytes

АҚШ-та өтетін 2028 жылғы Олимпиада ойындарының ашылу және жабылу рәсімдерінің ресми күндері мен орындары анықталды. Ашылу салтанаты 14 шілдеде Лос-Анджелестегі «Мемориал Колизеум» мен Инглвуд қаласындағы «Соу-Фай» стадиондарында өтеді.

Олимпиада 30 шілдеде Лос-Анджелесте жабылады.

Сонымен қатар Паралимпиада ойындарының күндері де жарияланды: ашылуы 15 тамызда Инглвудте, ал жабылу рәсімі 27 тамызда Лос-Анджелесте болады.

Автор туралы

Айбар Рысдалует

Спортивный журналист и обозреватель. Специализируется на казахстанском футболе и олимпийских видах спорта. Побывал на Олимпийских играх в Токио и играх БРИКС.
Барлық авторлық жазбаларды көру