Хави Эрнандес Сауд Арабиясына бара ма? «Аль-Хиляль» жаңа бапкер іздеуде

Хави Эрнандес

Хави Эрнандес. Фото: Getty Images

Испаниялық бапкер Хави Эрнандес Сауд Арабиясының «Аль-Хиляль» клубының тізгінін ұстауы мүмкін. Бұл туралы танымал инсайдер Флориан Плеттенберг хабарлады.

Ақпаратқа сүйенсек, саудиялық клуб португалиялық Жорже Жезуштың орнына дәл осы Хавиді қарастырып отыр. Жезуш 3 мамырда қызметінен кеткен болатын – ол «Аль-Ахлиден» Азия чемпиондар лигасының жартылай финалында жеңіліп, командамен қоштасты.

Егер келіссөздер сәтті аяқталса, Хави Эрнандес 2025/2026 маусымының басында «Аль-Хиляльдың» жаңа бас бапкері атануы мүмкін. Айта кетейік, Хави 2021-2024 жылдары «Барселонаны» жаттықтырып, Испания чемпионы атанған және ел Суперкубогын жеңіп алған. Қазіргі таңда «Аль-Хиляль» Сауд Арабиясы чемпионатында 62 ұпаймен екінші орында тұр.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру