17 жастағы қақпашы «Трабзонспорға» ауысуы мүмкін

Тимурхан Картал. Фото: timurhankartall/Facebook
Қазақстандық 17 жастағы қақпашы Тимурхан Картал Түркияның әйгілі «Трабзонспор» клубына ауысуы мүмкін. Meta-ratings.kz мәліметінше, футболшының өкілі клуб басшыларымен келіссөздер жүргізіп жатыр.
Дегенмен «Чорум» командасы өз қақпашысынан айырылғысы келмей отыр. Тимурхан осы маусымда ел кубогында дебют жасаған еді. Оған қоса, жас дарынға «Бодрум», «Башакшехир», «Эюпспор» және «Генчлербирлиги» клубтары да көз тігіп отыр. Кейбірі ресми ұсыныс жасағанымен, «Чорум» бас тартқан.
Айта кетейік, Тимурханның әкесі – түрік, анасы – қазақстандық. Өз сөзінде ол Қазақстан атынан ойнағысы келетінін айтқан.