«Бешикташ» президенттігіне үміткер Зайнутдиновтың трансферін сынады

Бахтиер Зайнутдинов

Фото: UEFA via Getty Images

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов «Бешикташ» клубының президенттігіне үміткер Гюркан Аксойдың сынына ұшырады. Стамбұлдық клубтың болашақ басшысы ойыншының қаңтар айынан бері алаңға шықпай жүрген жарақатына пікір білдірді.

«Зайнутдинов жүгіріс кезінде жарақат алды. 35 жастағы Иммобилеге алты миллион еуро төленді. «Бешикташтың» өз трансферлік саясаты болуы керек. 30 жастан асқан ойыншыларға ақша төлеудің қажеті жоқ», – деді Аксой.

Бахтиер «Бешикташ» сапында 2023 жылдан бері ойнап келеді. Биылғы Түркия чемпионатында ол жарақаттар мен бапкерлік шешімдерге байланысты небәрі тоғыз матч өткізіп, нәтижелі әрекеттермен көзге түспеді. Қазір клуб 31 ойында 52 ұпай жинап, турнир кестесінде төртінші орында тұр.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Окт - 16:30 Футбол
КФФ «Актобе» мен «Ордабасы» арасындағы матчтан кейін жаза қолданды
20 Окт - 15:15 Футбол
Ресей мен Өзбекстан құрамалары жолдастық матч өткізеді
20 Окт - 14:30 Футбол
«Бавария» – «Арсенал»: Мюнхендегі матчты қайдан көруге болады
20 Окт - 13:57 Футбол
Тен Хаг «Манчестер Юнайтедтегі» Роналдумен арадағы келіспеушілік туралы айтты
20 Окт - 13:05 Басқа Футбол
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеуді Беларусьпен матчтан бастайды
20 Окт - 10:00 Футбол
«Барселона» Швейцария құрамасының үш гол соққан жартылай қорғаушысына көз тікті
19 Окт - 11:30 Футбол
Бекбаев «Ордабасының» жеңісіне баға беріп, чемпиондық жарыстағы маңызын атап өтті
19 Окт - 10:00 Футбол
«Реал» Моуриньюдің орнына Дешамды қарастырып отыр
16 Окт - 13:15 Футбол
«Рига» жеңіске жақын болды: латвиялық клубтың бапкері «Қайратқа» қарсы ойын туралы айтты
16 Окт - 11:20 Футбол
Уразбахтин «Қайраттың» Ригадағы нәтижесіне баға берді