Станислав Черчесов «Локомотивтің» бас бапкерлігіне үміткер атанды

Станислав Черчесов

Фото: Getty Images

Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Станислав Черчесов Мәскеудің «Локомотив» клубының бас жаттықтырушысы қызметіне басты үміткерлердің бірі ретінде қарастырылып жатыр. Бұл туралы «Спорт-Экспресс» хабарлады.

Клубтың қазіргі бас бапкері Михаил Галактионовтың тағдыры алдағы матчқа байланысты шешіледі. Егер команда Ресей кубогының екінші кезеңіндегі «Ростовқа» қарсы жауапты ойында жеңіліп, жарыстан шығып қалса, клуб басшылығы жаттықтырушыны ауыстыруға кірісуі мүмкін.

Дереккөз мәліметінше, Черчесовтан бөлек үміткерлер қатарында Владимир Федотов пен Дмитрий Хохлов та бар. «Локомотив» пен «Ростов» арасындағы шешуші матч 30 сәуір күні өтеді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру