Қазақстан спортында тағы да допинг дауы: төрт спортшы жазаланды

Допинг

Иллюстративное фото: rbc.ru

Қазақстанның Ұлттық допингке қарсы орталығы төрт спортшыға қатысты жаңа шешім шығарды. Олардың қатарында грэпплингтен екі дүркін әлем чемпионы Самат Айтпанбет те бар. 2024 жылы Астанада өткен әлем чемпионатында оның сынамасынан тыйым салынған «Дростанолон» мен «Кломифен» табылып, ол үш жылға жарыстан шеттетілді (3 желтоқсан 2024 – 2 желтоқсан 2027).

Сонымен қатар, 2023 жылғы Азия Пара ойындарының жүлдегері, дзюдошы Ерлан Конкиев те жазаланды. Ол бірнеше рет тест тапсырудан бас тартқандықтан, екі жылға спорттан аластатылды (1 ақпан 2025 – 1 ақпан 2027).

Шымкенттік зілтемірші Бекболат Қалиұлы допинг сынамасынан кейін төрт жылға (24 желтоқсан 2024 – 24 желтоқсан 2028) шеттетілсе, оның командаласы Аслан Бурхановқа үш жылға дисквалификация (21.02.2025 – 21.02.2028) берілді.

Қазіргі таңда КазНАДЦ тізімінде 95 спортшы мен 4 жаттықтырушы бар. Ең көп тәртіп бұзу жағдайы ауыр атлетикада тіркелген – 37 спортшы мен 2 бапкер. Сонымен бірге пауэрлифтинг пен жеңіл атлетикада да көп допинг деректері анықталған.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
22 Янв - 08:40 Теннис
Анна Данилина жұптық сында Australian Open турнирін жеңіспен бастады
20 Янв - 22:20 Футбол
«Қайрат» Чемпиондар лигасында «Брюггеге» ірі есеппен жол берді
20 Янв - 20:11 Теннис
Кукушкин Оэйраштағы «Челленджер» турнирін сәтті бастады
20 Янв - 19:43 Бокс
Жәнібек Әлімханұлының B сынамасы допингтің барын растады
20 Янв - 17:14 Бокс
Мейірім Нұрсұлтанов WBC рейтингінің көшін бастап тұр, алайда чемпиондық жекпе-жек әлі өтпеді
20 Янв - 15:19 Футбол
«Реал» Винисиустың қысқы трансферде кетпейтінін мәлімдеді
20 Янв - 10:02 Теннис
Елена Рыбакина Australian Open турнирін сенімді жеңіспен бастады
20 Янв - 08:25 Футбол
Қазақстан құрамасы FIFA Series 2026 турнирінде Намибия, Комор аралдары және Кувейтпен ойнайды
19 Янв - 12:31 Теннис
Зарина Дияс Australian Open-2026 турнирін бірінші айналымда аяқтады
19 Янв - 10:00 Футбол
«Ақтөбе» Миралем Пьяничтің ауысымы бойынша келісімге келді